Реклама от asia.kz: Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы
Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы по низким ценам
westlan.kz

Байланыстар: Тел.: +77776290093   Email: muratuskenbaev@mail.ru

 

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы

Мектеп туралы

  Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы Көктал орта мектебі 1977 жылы пайдалануға берілген. Мектеп типтік 2 қабатты ғимаратта орналасқан. Оқыту тілі – орыс-қазақ тілдерінде жүргізіледі. Көктал орта мектебіңде барлығы 729 оқушы оқиды. Оның 356-ы ұлдар, 373-і қыздар. Сынып саны – 38, оның ішінде 1-4 сыныптарда 17 сынып комплектісі – 363 оқушы, оның  187-і ұлдар, 176 -ы  қыз балалар.    5-9 сыныптарда 17 сынып, оқушылар саны – 315 оқушы, оның – 154 ұлдар,  161-і қыздар. 10-11 сыныптарда 4 сынып коплектісінде 51 оқушы оқиды, оның – 15-і ұлдар, 36-ы қыздар. Мектеп алды даярлық тобында 105 тәрбиеленуші бар. Оның 50-і ұлдар,  55-і қыздар. Топ саны – 5-еу.   Мектепте барлығы 83  мұғалім еңбек етеді. Оның  77– і жоғары білімді,  бұл жалпы мұғалімдердің – 92,8 пайызын құрайды. Арнаулы орта білімділер – 6, бұл жалпы мұғалімдердің  7,2 %. Жоғары санатты мұғалімдер саны – 7 – 8,4%; 1 – санатты мұғалімдер  - 27 – 33 %; 2 – санатты мұғалімдер – 23 – 28%. Санатсыз мұғалімдер 26– 31,3 %. Деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша 12 мұғалім оқу курстарын аяқтап, сертификаттар алған. Мектептің материалдық-техникалық базасы. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда мектеп керек-жарақтарының (парта, тақта, шкафтар) барлығы жеткілікті, кабинеттер талапқа сай жабдықталған. Мектепте 23 оқу кабинеті бар. Оның 2 оқу кабинетінде интерактивті тақта қойылған. Мектеп интернет желісіне қосылған. 1–компьютер кабинеті, арнайы жабдықталған  химия, биология кабинеттері, 1–қыздар шеберханасы, 1–ұлдар шеберханасы, 1 – спорт зал, 1–асхана , 1–АӘД кабинеті бар.

Объявление от Asia.kz:
Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы

Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы по низким ценам

 
 
Погода в Казахстане
 
Реклама:
Конструктор сайтов Asia.kz
Конструктор сайтов Asia.kz
 
 

Мектептің эксперименттік алаңы

 

 Қалыптастыру экспериментін ұйымдастыру және жүргізу

-ауыл мектебіндегі басқару жұмыстарының мазмұнын оқушының тұлғалық-бағдарлы тұжырым талаптарына сәйкес жаңғырту;

-ауыл мектебінде басқару жүйесін жетілдіруде АКТ-ның «e-lеarning» формасын қолданудың нормативтік-әдістемелік базасын құру;

-пән мұғалімдерінің кәсіби өсуін қамтамасыз ету мақсатында ауыл мектебінде білім беру қызметінің сапасын бағалауға бағытталған мониторингтік жүйе қалыптастыру;

 -«басшы-педагог-оқушы-ата-аналар» моделінің тиімділігін қамтамасыз етудің әдістемелік жүйесін қалыптастыру.

      Мақсаты:

 

 

  Білім беру қызметінің сапасын арттыруға бағытталған стратегиялық жобаны жүзеге асыру

Міндеттері:

-бағдарламаны жүзеге асырудың нормативтік-құқықтық базасын сараптамадан өткізу;

-корпоративтік басқару моделіне сәйкес білім сапасын бақылау мен бағалау бойынша сараптамалық талдаулар жүргізу;

-құзыреттілікке бағытталған білім беруді жүзеге асыру;

-педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін қалыптастыру мақсатында біліктілігін арттыру шараларын ұйымдастыру;

шығармашылық топ жұмысын ұйымдастыру, оқушылардың зерттеу мәдениетін қалыптастыру шаралары.

 Күтілетін нәтижесі:

Функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілетті, өмір бойы білім алуға дайын тұлғаны қалыптастыруға бағытталған даму мектебі қалыптасады.

 
 
 
Пожаловаться на сайт