Сайт создан на конструкторе asia.kz.   Создайте и Вы себе сайт бесплатно!

Байланыстар: Тел.: +77776290093   Email: muratuskenbaev@mail.ru

Объявление от Asia.kz:
Создайте себе сайт-визитку бесплатно!

Конструктор сайтов и интернет - магазинов в казахстане

 
 
Погода в Казахстане
 
Реклама:
 
 
Реклама от Asia.kz:
Создайте себе сайт-визитку бесплатно!  

Конструктор сайтов и интернет - магазинов в казахстане
 

asia.kz/create/site/  
 
 
 

Мектепішілік Ережелер

«Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
Көктал орта мектебі» коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің
Е Р Е Ж Е Л Е Р І

Директор жанындағы кеңес туралы
Е Р Е Ж Е
І. Жалпы ережелер
1.1. Директор жанындағы кеңес мектептегі оқу-тәрбие үрдісін жедел басқару ұйымы болып табылады.
1.2. Директор жанындағы кеңестің отырыстары қажеттілікке байланысты кем дегенде айына бір рет өткізіледі.
1.3. Директор жанындағы кеңестің құрамына мектеп әкімшілігі кіреді. Кеңес отырыстарына тек шақырылатын мұғалім немесе мұғалімдер тобы қатыса алады.
ІІ. Директор жанындағы кеңестің мақсаты ман міндеттері:
Мектептегі білім беру үрдісіне қатысты мәселелерді жоспарлау және болжамдау.
Білім мекемесіндегі оқу-тәрбие үрдісінің мүмкін болатын кемшіліктерінің алдын алу.
Мектептің жекеленген әрекеттерін реттеу.
Мектепте өткізілген ұйымдастырушылық, тәрбиелік, әдістемелік шаралардың нәтижелерін талдау.
Педагогикалық ұжымның шығармашылығына қолдау көрсету.
Тексеру, бақылау (басқару) жұмыстарының қорытындысын шығару.
Жоғары тұрған ұйымдардың жедел ақпараттарын педагогикалық ұжымға тарату.
Директор жанындағы кеңесті өткізу жиілігі оның келесі өткізу түрлеріне байланысты:
- ақпараттардың түсуіне қарай өткізілетін ақпараттық жиналыстар;
- тексеру, бақылау жұмыстарының қорытынды құжаттарымен (талдау анықтамалары, бұйрықтар, ережелер, тестілеу қорытындылары, сауалнама қорытындысы және т.б) педагогикалық ұжымды таныстыруға бағытталған жиналыстар;
- тексеру жұмыстарының жоспарын немесе мектептің педагогикалық әрекетінің белгілі бір бағыттарын талқылау мақсатындағы пікірталастар;
- мектеп әкімшілігімен өткізілетін әкімшілік жиналыс болуы мүмкін.
ІІІ. Директор жанындағы кеңестің өкілеттілігі.
3.1. Директор жанындағы кеңес жедел бақылаудың құрамды бір бөлігі болып табылады.
3.2. Директор жанындағы кеңесте ұсыныстық (нұсқаулық) сипаттағы шешім шығарылады. Ұсыныс нақты адамдарға берілуі тиіс.
3.3. Директор жанындағы кеңес мектептің қызметіне қатысты басқару шешімдерін қабылдауды жүзеге асыра алады.
ІV. Іс- құжаттары.
4.1. Директор жанындағы кеңестің хаттамасы жүргізіледі.

Әдістемелік кеңес туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы бөлім
1.1. Мектептің Әдістемелік кеңесі – бұл педагогикалық қызметке шығармашылық тәсілді қалыптастыруға жағдай жасайтын, оқу үдерісіне әдістемелік қолдау жасайтын мектепішілік педагогикалық алқалы орган.
1.2. Әдістемелік кеңес тәжірибелі педагог-кәсіпқойлардың консилиумы болып табылады, оқу-тәрбие үдерісінің аса маңызды блоктарына әдістемелік құзіретті ықпал етеді, оның дамуына талдау жасайды, осы негізде оқыту және тәрбиелеу әдістемесін жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлейді.
1.3. Әдістемелік кеңес педагогикалық бастаманың дамуына жағдай жасайды және бұл бастаманы одан ары таратуды жүзеге асырады.
1.4. Бұл Ереже мектептің педагогикалық кеңесі бекітетін мектепішілік жергілікті акт болып табылады.
2. Әдістемелік кеңестің мақсаттары мен міндеттері
2.1. Басымдыққа ие педагогикалық проблемаларды анықтау және тұжырымдау, оларды ойдағыдай шешу үшін бүкіл педагогикалық ұжымның шығармашылық күш-жігерін жұмылдыруға жағдай жасау.
2.2. Мектептің әдістемелік жұмысын стратегиялық жоспарлауды жүзеге асыру.
2.3. Мұғалімдердің педагогикалық бастамасын көрсетуі үшін қолайлы жағдайлар жасауға жағдай жасау.
2.4. Педагогикалық қарым-қатынасты ынтымақтастықтың адамгершілік ұстанымдарына құратын, оқу-тәрбие үдерісінің педагог-ұйымдастырушысы ретіндегі мұғалімнің педагогикалық өзіндік санасын қалыптастыруға жағдай жасау.
2.5. Мұғалімнің кәсіптік-педагогикалық дайындығын жетілдіруге жағдай жасау:
а) ғылыми-теориялық;
ә) әдістемелік;
б) ғылыми-зерттеушілік жұмыс дағдыларын;
в) педагогикалық шеберлік тәсілдерін.
3. Мектептің Әдістемелік кеңесінің міндеттері мен құқықтары
3.1. Мектепке енгізуге ұсынылған педагогикалық инновацияларға сараптамалық баға беруді, оларды іске асыру кезінде қажетті әдістемелік көмек көрсетуді жүзеге асыру.
3.2. Дирекцияның шақыруы бойынша педагогикалық қызметкерлерді аттестаттауға қатысу.
3.3. Педагогикалық кеңестердің отырыстарында қарау үшін ұсыныстар дайындауға белсене қатысу.
3.4. Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету, олардың Әдістемелік кеңес мүшелері қатысқан сабақтарына талдау жасау.
3.5. Мектепішілік әдістемелік бақылау өткізуге қатысу, бұл үшін қажетті әдістемелік құралдар жасау.
4. Мектептің Әдістемелік кеңесінің құрамы және ұйымдық құрылымы
4.1. Мектептің Әдістемелік кеңесінің құрамына мектептегі педагогикалық қызметкерлердің өкілдері кіреді:
а) пән мұғалімдері неғұрлым білікті педагогтардың ішінен бір жыл мерзімге сайлайтын пәндік әдістемелік бірлестіктердің жетекшілері; сайланған мұғалімдерді мектептің педагогикалық кеңесі бекітеді;
ә) мектеп педагогтарының ішінен сайланған аудандық пәндік әдістемелік бірлестіктердің жетекшілері, уақытша және тұрақты шығармашылық топтардың жетекшілері.
4.2. Әдістемелік кеңес қажет болған кезде бұл топтардың төрағаларын Әдістемелік кеңес құрамына біріктіре отырып, әдістемелік жұмыстың әр түрлі бағыттары бойынша уақытша шығармашылық-бастамашылық топтарын құрады.
5. Мектептің Әдістемелік кеңесінің мектепішілік басқару органдарымен өзара әрекеттестігі
Әдістемелік кеңес және мектеп әкімшілігі
1. Мектеп әкімшілігі Әдістемелік кеңестің тиімді дұмыс істеуі үшін қолайлы жағдайлар жасайды, оның шешімдерін орындауға жәрдемдеседі, оның педагогикалық ұжымдағы беделін нығайтады.
2. Мектеп әкімшілігі Әдістемелік кеңес мүшелерінің әдістемелік жаңалықтарды енгізуге қатысты құзіреттілігін арттыруға жәрдемдеседі.
3. Әдістемелік кеңес мектеп әкімшілгіне әдістемелік жұмысты жолға қоюға, педагогикалық ұжымда шығармашылық ахуал жасауға көмек көрсетеді.

Әдістемелік кеңес және педагогикалық кеңес
Мектептің Әдістемелік кеңесі өз жұмысында педагогикалық кеңестің алдында есеп береді, ол:
1) ашық дауыс берумен мектеп Әдістемелік кеңесінің мүшелерін сайлайды;
2) қажет болған кезде оның құрамынан Әдістемелік кеңес мүшелерін мерзімінен бұрын шығарады немесе сайлау өткізеді;
3) Әдістемелік кеңес жұмысының негізгі бағыттарын бекітеді;
4) Әдістемелік кеңес төрағасының атқарылған жұмыс жөніндегі жыл сайынғы есебін тыңдайды және баға береді;
5) қажет болған кезде Әдістемелік кеңес мүшелерінің оның жұмысына қатысуы туралы есебін тыңдайды және бағалайды.
6. Мектептің Әдістемелік кеңесінің жұмысын ұйымдастыру
6.1. Әдістемелік кеңес өз жұмысын демократия, жариялылық, педагогикалық кеңестің барлық мүшелерінің мүдделерін құрметтеу мен есепке алу ұстанымдарына құрады.
6.2. Әдістемелік кеңес отырыстары ашық деп жарияланады, оларға кеңесші дауыс құқығымен кез келген педагог қатыса алады.
6.3. Әдістемелік кеңестің отырысы қажеттілік шамасына қарай, бірақ жылына 4 реттен кем емес өткізіледі.
6.4. Әдістемелік кеңестің отырысы Әдістемелік кеңес мүшелерінің үштен екісі болған кезде құқыққа сай болып есептеледі.
6.5. Әдістемелік кеңестің шешімі осы Ережеге сәйкес алқалы түрде қабылданады және барлық педагогтарға жария етіледі.
6.6. Әдістемелік кеңестің қарауына ұсынылатын мәселелерді оның барлық мүшелерінің және педагогикалық кеңес төрағасының пікірлерін есепке ала отырып, төраға іріктейді.
6.7. Әдістемелік кеңес педагогикалық ұжымды өзінің қызметі мен қабылдаған шешімдері туралы үнемі хабардар етіп тұрады.
6.8. Педагогикалық кеңестің шешімінде ұсынымдық сипат болады және қажет болған кезде мектеп бұйрығымен ресімделеді.
Әдістемелік кеңестің міндеттері
1. Тақырыптық жұмысты жалғастыру.
2. Мектеп қызметкерлерінің педагогикалық шеберліктерін жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыру.
3. Жаңа педагогикалық технологияларды зерделеу және енгізу.
4. Мұғалімдердің өздігінен білім алу тақырыптары бойынша жұмысын белсендіру.
5. Әдістемелік жұмыс формаларын түрлендіру.

Әдістемелік бірлестік туралы
ЕРЕЖЕ
I. Жалпы ережелер
1.1. Әдістемелік бірлестік білім беру мекемесінің бір немесе бірнеше тектес оқу пәндері бойынша оқу-тәрбиелік, әдістемелік, тәжірибелік-эксперименттік және сыныптан тыс жұмысты жүргізуді жүзеге асыратын әдістемелік қызметінің негізгі құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
1.2. Әдістемелік бірлестік бір пән немесе бір білім беру саласы бойынша үштен кем емес мұғалім болған кезде ұйымдастырылады. Әдістемелік бірлестіктің құрамына межелес және туыстас пәндердің мұғалімдері де кіруі мүмкін. Сондай-ақ білім беру ұйымдарында тәрбиешілердің әдістемелік бірлестігі де құрылуы мүмкін.
1.3. Әдістемелік бірлестіктердің саны мен олардың сандық құрамы ББМ алдына қойылған міндеттерді кешенді шешу қажеттігіне қарай белгіленеді және ББМ директорының бұйрығымен бекітіледі.
1.4. Әдістемелік бірлестіктерді директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарының ұсынуымен ББМ-нің директоры құрады, қайта құрады және таратады.
1.5. Әдістемелік бірлестіктер тікелей директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарына бағынады.
1.6. Әдістемелік бірлестік өз қызметінде ҚР Конституциясы мен заңдарын, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша білім беруді басқарудың барлық деңгейлеріндегі органдарының шешімдерін, сондай-ақ мектептің Жарғысы мен жергілікті құқықтық актілерін, директордың бұйрықтары мен өкімдерін басшылыққа алады.
II. Әдістемелік бірлестік қызметінің міндеттері мен бағыттары
Әдістемелік бірлестік білім беру мекемесінің құрылымдық бөлімшесі ретінде оқу орнына жүктелген міндеттердің белгілі бір бөлігін шешу үшін құрылады. Әдістемелік бірлестік жұмысы педагогтардың кәсіптік әлеуетін тиімді пайдалану мен дамытуға, олардың күш-жігерлерін тиісті оқу пәндерін оқыту әдістемесін жетілдіруде жинақтауға және үйлестіруге және осының негізінде білім беру үдерісін жақсартуға бағытталған.
Әдістемелік бірлестік:
• оқушылардың оқу мүмкіндіктеріне, білім беру үдерісінің, оның ішінде пән бойынша оқудан тыс жұмыстың нәтижелеріне талдау жасайды;
• білім беру үдерісін қажетті бағдарламалық-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етеді;
• пән мұғалімдеріне нақты әдістемелік көмек көрсетуді жоспарлайды;
• әдістемелік семинарлар мен әдістемелік жұмыстың басқа да формаларының жұмысын ұйымдастырады;
• пән кабинеттерін жабдықтауға талдау жасайды және жоспарлайды
• оқушыларды аралық аттестаттауға арналған материалдарды келіседі;
• оқу курстарының ең аз көлемі мен мазмұнына, оқушылардың оқытылу нәтижелеріне (қажет болған жағдайда) қойылатын талаптармен келіседі;
• оқытушылардың оқу бағдарламаларына енгізген өзгерістеріне бастапқы сараптама жүргізеді;
• оқу пәндерін оқытудың тәжірибесін зерделейді және қорытады;
• пән бойынша оқушылардың сыныптан тыс қызметін ұйымдастырады;
• мұғалімдерге көмек ретіндегі әдістемелік ұсынымдар дайындау туралы шешім қабылдайды;
• тиісті пәндер мен курстарды жақсырақ меңгерту, оқу еңбегі мәдениетін арттыру мақсатында оқушылар мен олардың ата-аналарына арналған әдістемелік ұсынымдарды әзірлеуді ұйымдастырады;
• мұғалімдерге біліктілікті арттырудың әр түрлі формаларын ұсынады;
• тәлімгерлердің жас мамандармен және тәжірибесі аз мұғалімдермен жұмысын ұйымдастырады;
• конкурстар, олимпиадалар, пән апталары (айлықтары) туралы ережелер әзірлейді және оларды өткізуді ұйымдастырады.
III. Әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі формалары
3.1. Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу әдістемесінің проблемалары бойынша педагогикалық эксперименттер өткізу және олардың нәтижелерін білім беру үдерісіне енгізу.
3.2. Оқу-әдістемелік мәселелер бойынша «Дөңгелек үстелдер», кеңестер мен семинарлар, мұғалімдердің шығармашылық есептері және т. б.
3.3. Әдістемелік бірлестіктердің оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі отырыстары.
3.4. Пән бойынша ашық сабақтар және сыныптан тыс шаралар.
3.5. Оқыту және тәрбиелеу әдістемесі, жалпы педагогика мен психология мәселелері бойынша лекциялар, баяндамалар, хабарлар және пікірталастар.
3.6. Оқу-тәрбие үдерісінде нормативтік құжаттардың талаптарын, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені зерделеу және жүзеге асыру.
3.7. Пән апталықтары мен әдістемелік күндер өткізу.
3.8. Өзара сабақтарға қатысу.
IV. Әдістемелік бірлестік жұмысының тәртібі
4.1. Әдістемелік бірлестікті мектеп директоры әдістемелік бірлестік мүшелерінің келісімімен неғұрлым тәжірибелі педагогтардың ішінен тағайындаған төраға басқарады.
4.2. Әдістемелік бірлестіктің жұмысы ағымдағы оқу жылының жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі. Жоспарды әдістемелік бірлестіктің төрағасы жасайды, әдістемелік бірлестіктің отырысында қарастырылады, директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарымен келісіледі және мектептің әдістемелік кеңесімен бекітіледі.
4.3. Әдістемелік бірлестіктің отырысы бір тоқсанда кем дегенде бір рет өткізіледі. Әдістемелік бірлестіктің төрағасы директордың әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарын отырыс өтетін орын мен уақыты жөнінде хабардар етуге міндетті.
4.4. Отырыста талқыланған әрбір мәселе бойынша ұсынымдар қабылданады, олар хаттамалар журналына тіркеледі. Ұсынымдарға әдістемелік бірлестіктің төрағасы қол қояды.
4.5. Басқа әдістемелік бірлестіктердің тақырыптамасын немесе мүдделерін қозғайтын мәселелерді қарастыру кезінде отырысқа олардың төрағаларын (мұғалімдерді) шақыру қажет.
4.6. ӘБ қызметіне бақылауды мектептің әдістемелік жұмыс және мектепішілік бақылау жоспарларына сәйкес мектеп директоры, оның әдістемелік, оқу ісі жұмысы жөніндегі орынбасарлары жүзеге асырады.
V. Әдістемелік бірлестіктің құжаттамасы
5.1. Әдістемелік бірлестік туралы Ереже.
5.2. ӘБ мұғалімдері туралы мәліметтер қоры: сандық және сапалық құрамы (жасы, білімі, мамандығы, оқытатын пәні, жалпы және педагогикалық өтіл, біліктілік санаты, марапаттары, зватағы, үй телефоны).
5.3. Өткен жылдағы жұмысқа талдау жасау.
5.4. ӘБ-тің ағымдағы оқу жылына арналған міндеттері.
5.5. Әдістемелік жұмыстың тақырыбы, оның мақсаты, жаңа оқу жылына арналған басымдыққа ие бағыттар мен міндеттер.
5.6. ӘБ-тің ағымдағы оқу жылына арналған жұмыс жоспары.
5.7. ӘБ-тің әрбір айға арналған жұмыс жоспары-торы.
5.8. ӘБ мұғалімдерінің өздігінен білім алу тақырыптары туралы мәліметтер.
5.9. ӘБ мұғалімдерін аттестаттадың перспективалық жоспары.
5.10. ӘБ мұғалімдерінің ағымдағы жылға арналған аттестаттаудан өту графигі.
5.11. ӘБ мұғалімдерінің біліктілігін арттырудың перспективалық жоспары.
5.12. ӘБ мұғалімдерінің ағымдағы жылға арналған біліктілігін арттыру графигі.
5.13. Ағымдық бақылау жұмыстарын өткізу графигі (оқушылардың өздері немесе әдістемелік бірлестіктердің төрағалары енгізеді, мақсаты оқушыларға түсетін артық жүктемеден сақтандыру – күніне бірден көп емес бақылау жұмысы).
5.14. Тоқсанға арналған әкімшілік бақылау жұмыстарының графигі.
5.15. Пән бойынша ӘБ мұғалімдерінің ашық сабақтар мен сыныптан тыс шараларды өткізу графигі (мектеп директоры бекітеді).
5.16. ӘБ кәсіптік тәжірибесінің мекен-жайлары.
5.17. ӘБ мұғалімдерінің кәсіптік қажеттіліктері туралы мәліметтер (диагностиканың қорытындылары бойынша).
5.18. Әдістемелік апта өткізу жоспары (егер пән бірлестігі дербес өткізсе).
5.19. Бағдарламалар (пән бойынша авторлық, факультативтер, үйірмелер).
5.20. Оқу бағдарламалары және олардың пән бойынша оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі туралы ақпарат.
5.21. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау (пән бойынша, жеке, факультативтік сабақтар бойынша, пәндік үірмелер бойынша).
5.22. Жас және ӘБ-ке жаңадан келген мамандармен жұмыс жоспары.
5.23. Пән аптасын өткізу жоспары.
5.24. Мектепішілік бақылаудың нәтижелері (жедел-, ақпараттық және талдаушылық анықтамалар), диагностиканың нәтижелері.
5.25. ӘБ отырыстарының хаттамалары.
VI. Әдістемелік бірлестіктің құқықтары
Әдістемелік бірлестік:
• біліктілік санатын арттыру үшін мұғалімдерге ұсыныс дайындауға;
• мектептегі оқу үдерісін жақсарту туралы ұсыныс білдіруге;
• әдістемелік бірлестікте жинақталған алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе туралы материалдарды жариялау туралы мәселе қоюға;
• мектеп әкімшілігінің алдына әдістемелік бірлестік мұғалімдерін эксперименттік қызметке белсене қатысқаны үшін көтермелеу туралы мәселе қоюға;
• мұғалімдерге біліктілікті арттырудың әр түрлі формаларын ұсынуға;
• оқушылардың оқу қызметі мен тәрбиесі проблемалары бойынша мектеп директорының орынбасарларынан кеңестер сұрауға;
• мұғалімдерді аттестаттауды ұйымдастыру және мазмұны бойынша ұсыныс енгізуге;
• әдістемелік бірлестіктен «Жыл мұғалімі» конкурстарына қатысу үшін мұғалімдер ұсынуға құқылы.

Әкімшілік бақылау жұмыстарын жүргізу туралы
ЕРЕЖЕ
I. Жалпы ережелер
Әкімшілік бақылау жұмыстары директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары жасаған және директоры бекіткен графикке сәйкес өткізіледі. Әкімшілік бақылау жұмыстары оқу жоспарының барлық пәндері бойынша өткізіледі.
II. Өткізілу тәртібі
1. Әкімшілік бақылау жұмысы тоқсан ішінде жүргізілетін бақылау жұмысының графигінде белгіленген күн мен сағатта өткізіледі. Бақылау жұмысын өткізу мерзімін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының келісімінсіз өзгертуге болмайды.
2. Әкімшілік бақылау жұмысын өткізу үшін сол мамандықтағы пән мұғалімдері тағайындалады.
3. Жұмысты осы сыныпта жұмыс істейтін мұғалім жүргізеді.
4. Сабаққа қоңырау соғылғанға дейін оқушылар тапсырманы орындауға кіріседі.
5. Жұмысты жүргізуші мұғалім түсініктемелер беру мен ойға түсірулерге жол бермейді, жұмыс кезінде оқушылардың сөйлесуіне тыйым салады.
6. Мұғалім сыныптағы жұмыстың орындалуының объективтілігін қадағалайды.
7. Сабақ аяқталғанда соғылатын қоңырауға дейін жұмыстар тапсырылуы тиіс, мұғалім оларды директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарына береді. Жұмыстар тексеруге дейін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарында болады.
III. Тексеру және бағалау тәртібі
1. Оқушылардан жиналған барлық жұмыстарды мұғалім 1 күннің ішінде тексереді.
2. Бағалар ерекшеліктеріне сәйкес (жасы, пәні) оқушылардың жазбаша жұмыстарына қойылатын талаптарға сай қойылады.
3. Жұмыстар тексерілгеннен кейін талдау жасалады (арнаулы бланк толтырылады). Пән мұғалімі талдау жасаудың негізінде пән бойынша қалыптасқан жағдаятты жақсартуға бағытталған шараларды жоспарлайды.

Мектепішілік бақылау туралы
ЕРЕЖЕ
I. Жалпы ережелер
1.1. Бұл Ереже әкімшіліктің мектепішілік бақылауды жүргізу тәртібі мен мазмұнын реттейді.
1.2. Мектепішілік бақылау — білім беру үдерісінің жай-күйіне, білім беру мекемесі қызметінің негізгі нәтижелеріне диагностика жасау үшін ақпараттың басты дереккөзі. Мектепішілік бақылау ретінде мектеп әкімшілігі мүшелерінің басшылық ретімен мектеп қызметкерлерінің ҚР-ның, министрліктің, департаменттің, мектептің білім беру саласындағы заңнамалық және басқа да нормативтік-құқықтық актілерді сақтауына бақылау жасау жүргізуі түсініледі.
Мектепішілік бақылау рәсімдерінің алдында лауазымды тұлғалар оны өткізу мәселелері бойынша нұсқамадан өткізіледі.
1.3. Мектепішілік бақылау туралы Ережені оған өзгертулер мен толықтырулар енгізуге құқығы бар педагогикалық кеңес бекітеді.
1.4. Мектепішілік бақылаудың мақсаттары:
– білім беру мекемесі қызметін жетілдіру;
– мұғалімдердің шеберлігін арттыру;
– мектептегі білім беру сапасын жақсарту болып табылады.
1.5. Мектепішілік бақылаудың міндеттері:
• білім беру саласындағы заңнаманың орындалуына бақылау жасауды жүзеге асыру;
• заңнамалық және де басқа нормативтік-құқықтық актілерді бұзушылық және орындамау оқиғаларын айқындау, олардың жолын кесу шараларын қабылдау;
• бұзушылықтардың негізінде жатқан себептерге талдау жасау, олардан сақтандыру жөнінде шаралар қабылдау;
• педагогикалық кадрлар қызметі нәтижелерінің тиімділігіне талдау жасау және сараптамалық баға беру;
• педагогикалық қызмет нәтижелерін зерделеу, білім беру үдерісін ұйымдастырудағы оңды және жағымсыз үрдістерді айқындау және осының негізінде педагогикалық тәжірибені тарату мен жағымсыз үрдістерді жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
• мектеп бойынша бұйрықтар мен өкімдердің іске асырылу нәтижелеріне талдау жасау;
• бақылау үдерісінде педагогикалық қызметкерлерге әдістемелік көмек көрсету.
1.6. Мектепішілік бақылаудың функциялары:
– ақпараттық-талдаушылық;
– бақылау-диагностикалық;
– түзетімдік-реттеушілік.
1.7. Мектеп директоры және (немесе) оның тапсырмасы бойынша директордың орынбасары немесе сарапшылар қызметкерлер қызметінің мынадай нәтижелеріне мектепішілік бақылауды жүзеге асыруға құқылы:
– ҚР-ның білім беру саласындағы заңнамасын сақтау;
– білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
– білім беру үдерісінде әдістемелік қамтамасыз етуді пайдалану;
– бекітілген білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарларын іске асыру, бекітілген оқу графиктерін сақтау;
– жарғыны, ішкі еңбек тәртіптемесін, мектептің өзге де жергілікті актілерін сақтау;
– оқушыларды аралық аттестаттаудан өткізу мен үлгерімге ағымдағы бақылау өткізу тәртібін сақтау;
– оқушылардың жекелеген санаттарына заңнамамен және жергілікті өзін өзі басқару органдарының құқықтық актілерімен қарастырылған қосымша жеңілдіктер мен материалдық қамтамасыз ету түрлерін өз уақытында беру;
– оқушылар мен мектеп қызметкерлерінің денсаулығын сақтау мен нығайту мақсаттарындағы медициналық мекемелер мен қоғамдық тамақтандыру ұйымдары бөлімшелерінің жұмысы;
– мектеп директоры құзіретінің шеңберіндегі басқа да мәселелер.
1.8. Мектеп ішілік бақылау барысында мұғалімді бағалаған кезде мыналар есепке алынады:
– мемлекеттік бағдарламаларды толық көлемінде орындау (материалды өтуі, сарамандық жұмыстарды, бақылау жұмыстарын, экскурсиялар және басқалар);
– оқушылардың білім, шеберліктер, дағдылары мен дамуының деңгейі;
– оқушылардың дербестік дәрежесі;
– оқушылардың жалпы білімдік дағдыларды, зияткерлік бейімдіктерді меңгеруі;
– оқыту үдерісінде оқушыларды жіктеу;
– мұғалім мен оқушының бірлескен қызметі;
– оңды эмоциялық микроклиматтың болуы;
– оқу материалынан мазмұнды нәрсені іріктеу (оқушылардың білімдер жүйесін меңгеруіне бағытталған қосымша әдебиетті, ақпаратты, иллюстрациялар мен басқа да материалды іріктеу);
– педагогикалық жағдаяттарды, рефлексияны талдау, педагогикалық қызметтің нәтижелеріне өздігінен бақылау жасау қабілеті;
– өз қызметіне түзетімдер жасау шеберлігі;
– өз тәжірибесін қорыта білуі;
– өз дамуының жоспарын жасау және жүзеге асыру шеберлігі.
1.9. Мұғалім қызметіне бақылау жасау әдістері:
– сауалнама жүргізу;
– тестілеу;
– әлеуметтік сауалдама;
– мониторинг;
– бақылау;
– құжаттаманы зерделеу;
– сабақтарды өздігінен талдауды зерделеу;
– оқушылардың қызметі туралы әңгімелесу;
– оқушылардың оқу қызметінің нәтижелерін талқылау.
1.10. Оқу қызметінің нәтижелеріне бақылау жасау әдістері:
– бақылау;
– ауызша сауалдама;
– жазбаша сауалдама;
– білімді жазбаша тексеру (бақылау жұмысы);
– аралас тексеру;
– әңгімелесу, сауалнама, тестілеу;
– құжаттаманы тексеру.
1.11. Мектепішілік бақылау жоспарлық немесе оперативтік тексерулер, мониторинг, әкімшілік жұмыстарды жүргізу түрінде жүзеге асырылуы мүмкін.
Жоспарлы тексерулер түріндегі мектепішілік бақылау бекітілген жоспар-графикке сәйкес жүзеге асырылады, ол мерзімдікті қамтамасыз етеді және тексерулерді ұйымдастырудағы тиімсіз қосарласуға мүмкіндік бермейді. Жоспар оқу жылының басында педагогикалық ұжым мүшелеріне ұсынылады.
Оперативтік тексерулер түріндегі мектепішілік бақылау бұзушылықтар фактілерін анықтау, оқушылар мен олардың ата-аналарынан немесе басқа азаматтар мен ұйымдардан түскен шағымдарда көрсетілген бұзушылықтар туралы мәліметтерді тексеру, сондай-ақ білім беру үдерісіне қатысушыларының арасындағы қақатығыстық жағдаяттарды реттеу мақсатында жүзеге асырылады.
Мониторинг түріндегі мектепішілік бақылау білім беру сапасын басқару міндеттерін (оқушылар денсаулығының жай-күйі, тамақтандыруды ұйымдастыру, режимді орындау, атқарушылық тәртіп, оқу-әдістемелік қамтамасыз ету, педагогикалық шеберліктің диагностикасы және т. б.) тиімді шешу үшін білім үдерісінің нәтижелері мен ұйымдастыру туралы ақпаратқа талдау жасау және өңдеуді, жүйелік есепке алуды, жинауды қарастырады.
Әкімшілік жұмыс түріндегі мектепішілік бақылауды мектеп директоры немесе оның оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары ағымдағы үлгерімге бақылау жасау шеңберіндегі оқытудың табыстылығын тексеру мақсатында және оқушыларды аралық аттестаттау мақсатымен жүзеге асырады.
1.12. Мектепішілік бақылаудың түрлері:
– алдын ала – алдын ала танысу;
– ағымдық – тікелей оқу-тәрбие үдерісін бақылау;
– қорытынды – мектеп пен педагогтар жұмысының тоқсан, жартыжылдық, оқу жылындағы жұмыс нәтижелерін зерделеу.
1.13. Мектепішілік бақылаудың формалары:
– дербес;
– тақырыптық;
– сыныптық-жалпылау;
– кешенді.
1.14. Мектепішілік бақылаудың Ережелері:
– мектепішілік бақылауды мектеп директоры немесе оның тапсырмасы бойынша оқу-тәрбие жұмыс жөніндегі орынбасарлары, әдістемелік бірлестіктердің жетекшілері, басқа мамандар жүзеге асырады;
– бақылау бағдарламасы нақты тексеру мәселелерін белгілейді және мектеп қызметінің жекелеген тараулары немесе лауазымды тұлға бойынша қорытынды құжатты дайындау үшін мектепішілік бақылау нәтижелерінің салыстырылатындығы мен жеткілікті ақпараттылықты қамтамасыз етуі тиіс;
– сарапшылар қажетті ақпаратты сұратуға, мектепішілік бақылау нысанына қатысты құжаттаманы зерделеуге құқылы;
– жоспарлы бақылау өткізілген кезде егер айлық жоспарда бақылаудың мерзімдері көрсетілсе, онда мұғалімге қосымша ескерту жасау талап етілмейді. Директор мен оның оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары төтенше жағдайларда мектеп мұғалімдерінің сабақтарына алдын ала ескертусіз қатыса алады;
– оперативтік тексерулер кезінде педагогикалық қызметкерге сабағына қатысудан кем дегенде 1 күн бұрын ескертіледі;
– төтенше жағдайларда педагогикалық қызметкерге сабақтарына қатысудан бұрын кем дегенде 1 күн бұрын ескертіледі (төтенше жағдай болып бала құқықтарының, білім туралы заңнаманың бұзылуына түскен жазбаша шағым есептеледі).
1.15. Мектепішілік бақылау үшін негіз:
– педагогикалық қызметкердің аттестаттауға берген өтініші;
– жоспарлы бақылау;
– басқарушылық шешімдерді дайындау үшін істердің жай-күйін тексеру;
– жеке және заңды тұлғалардың білім беру саласындағы бұзушылықтар жөніндегі арыз-шағымдарыя.
1.16. Мектепішілік бақылаудың нәтижелері талдаушылық анықтама, Мектепішілік бақылаудың нәтижелері туралы анықтамалар, тексерілген мәселе бойынша істердің жәй-күйі туралы баяндама түрінде ресімделеді. Қорытынды материалда фактілер тіркеледі, қорытындылар жасалады, қажет болған кезде ұсыныстар жасалады. Нәтижелер туралы ақпарат мектеп қызметкерлеріне тексеру аяқталғаннан кейін жеті күннің ішінде хабарланады.
Оның формасы, мақсаттары мен міндеттеріне қарай, сондай-ақ істердің нақты жағдайлары есепке алына отырып мектепішілік бақылаудың қорытындылары бойынша:
– педагогикалық немесе әдістемелік кеңестердің отырыстары, өндірістік кеңестер, педагогикалық құраммен жұмысшы кеңестері өткізіледі;
– жасалған ескертулер мен ұсыныстар мектептің істер номенклатурасына сәйкес құжаттамада тіркеледі;
– мектепішілік бақылау нәтижелері педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау кезінде есепке алынуы мүмкін, бірақ олар сраптамалық топтың қорытындысы үшін негіз болып табылмайды.
1.17. Мектеп директоры мектепішілік бақылаудың нәтижелері бойынша мынадай шешімдер қабылдайды:
– тиісті бұйрық шығару туралы;
– мектепішілік бақылаудың қорытынды материалдарын алқалы органның талқылауы туралы;
– белгілі бір мамандарды (сарапшыларды) тарта отырып қайтадан бақылау жүргізу туралы;
– лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы;
– қызметкерлерді көтермелеу туралы;
– өз құзіреті шектеріндегі өзге де шешімдер.
1.18. Оқушылардың, олардың ата-аналарының, сондай-ақ басқа азаматтар мен ұйымдардың арыз-шағымдарында баяндалған мәліметтерді тексеру қорытындылары туралы оларға белгіленген тәртіпте және белгіленген мерзімдерде хабарланады.
II. Жеке тұлғалық-кәсіптік бақылау
2.1. Жеке тұлғалық-кәсіптік бақылау жеке мұғалімнің педагогикалық қызметін зерделеуді және талдауды көздейді.
2.2. Дербес бақылаудың барысында басшы:
– мұғалімнің заманауи педагогикалық және психологиялық ғылымның жетістіктерін білу деңгейін, мұғалімнің кәсіптік шеберлігін;
– мұғалімнің дамытушы оқыту технологияларын, оқытудың неғұрлым тиімді формаларын, әдістерін және тәсілдерін меңгеру деңгейін;
– мұғалім жұмысының нәтижелерін және оларға қол жеткізудің жолдарын;
– мұғалімнің кәсіптік біліктілігін арттыру тәсілдерін зерделейді.
2.3. Дербес бақылауды жүзеге асырған кезде басшы:
– функциялық міндеттеріне сәйкес құжаттамамен, жұмысшы бағдарламаларымен (мұғалімнің оқу жылына жасаған тақырыптық жоспарлауымен, ол әдістемелік бірлестіктің отырысында қарастырылады және бекітіледі, жұмыс үдерісінде түзетілуі де мүмкін), сабақ жоспарларымен, сынып журналдарымен, оқушылардың күнделіктері және дәптерлерімен, ата-аналар жиналыстарының хаттамаларымен, тәрбие жұмысының жоспарларымен, мұғалімнің талдаушылық материалдарымен танысуға;
– мектептің педагогикалық қызметкерлерінің іс-тәжірибелік қызметін сабақтарға, сыныптан тыс шараларға, үйірмелердің, факультативтердің, секциялардың сабақтарына қатысу және талдау арқылы зерделеуге;
– педагогикалық қызметке сараптама жүргізуге;
– білім беру үдерісіне алынған ақпарат негізінде талдау жасау арқылы мониторинг өткізуге;
– әлеуметтанушылық, психологиялық, педагогикалық зерттеулер жүргізуге: сауалнама, оқушыларды, ата-аналарды, мұғалімдерді тестілеуді ұйымдастыруға;
– қорытындылар жасауға және басқарушылық шешімдер қабылдауға құқылы.
2.4. Тексерілетін педагогикалық қызметкер:
– өз қызметін бақылау мерзімін және бағалау критерийлерін білуге;
– бақылаудың мақсатын, маөмұнын, түрлерін, формалары мен әдістерін білуге;
– әкімшіліктің ұсынымдары және қорытындылармен өз уақытында танысуға;
– мектептің кәсіподақ комитетінің қақтығыстық комиссиясына немесе білім беруді басқарудың жоғары тұрған органдарына бақылау нәтижелерімен келіспейтін жағдайда өтініш білдіруге құқылы.
2.5. Мұғалім қызметін дербес бақылау нәтижелері бойынша анықтама ресімделеді.
Ш. Тақырыптық бақылау
3.1. Тақырыптық бақылау мектеп қызметінің жекелеген проблемалары бойынша өткізіледі.
3.2. Тақырыптық бақылаудың мазмұнына оқытуды жекелеу, жіктеу, түземдеу мәселелері, оқушылардың артық жүктемелерін жою, оқушылардың танымдық қызметін белсендіру және де басқа мәселелер енгізілуі мүмкін.
3.3. Тақырыптық бақылау нақты мәселе бойынша істердің жәй-күйін зерделеуге ғана емес, сондай-ақ қолданыстағы практикаға дамытушы оқыту технологиясының жаңа формалары мен жұмыс әдістерін, педагогикалық еңбек шеберлерінің тәжірибесін енгізуге де бағытталған.
3.4. Бақылаудың тақырыптары мектепті дамытудың Бағдарламасына, оқу жылының қорытындылары бойынша проблемалық-бағдарлаушылық талдауға, қалада, өңірде, елде білім беру дамуының негізгі үрдістерне сәйкес белгіленеді.
3.5. Педагогикалық ұжымның мүшелері мектеп жұмысының жоспарына сәйкес бақылаудың тақырыптарымен, мерзімдерімен, мақсаттарымен, формалары және әдістерімен таныстырылуы тиіс.
3.6. Тақырыптық бақылаудың барысында:
– тақырыитық зертеулер (сауалнама, тестілеу) жүргізіледі;
– Мұғалімнің, сынып тәрбиешісінің, сынып жетекшісінің, үйірмелер және секциялар жетекшілерінің, оқушылардың іс-тәжірибелік қызметіне, сабақтарға, сыныптан тыс шараларға қатысуға талдау жасау жүзеге асады.
3.7. Тақырыптық бақылаудың нәтижелері қорытынды немесе анықтама түрінде ресімделеді.
3.8. Педагогикалық ұжым тақырыптық бақылаудың нәтижелерімен педагогикалық кеңестердің отырыстарында, директордың немесе оның орынбасарлары жанындағы кеңестерде, әдістемелік бірлестіктер отырыстарында танысады.
3.9. Тақырыптық бақылаудың нәтижелері бойынша оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге және білім сапасын арттыруға, оқушылардың тәрбиелік және даму деңгейін арттыруға бағытталған шаралар қабылданады.
3.10. Бірнеше педагогтың тақырыптық бақылауының нәтижелері бір құжатпен ресімделуі мүмкін.
IV. Сыныптық-қорытындылаушы бақылау
4.1. Сыныптық-қорытындылаушы бақылау нақты сыныпты немесе қосарлас сыныпта жүзеге асырылады.
4.2. Сыныптық-қорытындылаушы бақылау қандай да бір сыныптағы немесе қосарлаас сыныптардағы білім беру үдерісінің жай-күйі туралы ақпарат алуға бағытталған.
4.3. Сыныптық-қорытындылаушы бақылау барысында жетекші жеке сыныптағы немесе сыныптардағы оқу-тәрбие жұмысының бүкіл кешенін зерделейді:
– барлық мұғалімдердің қызметін;
– оқушылардың танымдық қызметке қосылуын;
– білімге деген қызығушылықты дарыту;
– өздігінен білім алу, өзіне-өзі талдау жасауға, өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі анықтауға қажеттілікті уәждеу;
– мұғалім мен оқушылардың ынтымақтастығы;
– сынып ұжымындағы әлеуметтік-психологиялық ахуал.
4.4. Сыныптық-қорытындылаушы бақылау өткізу үшін сыныптар оқу жылының, жартыжылдықтың немесе тоқсанның қорытындылары бойынша проблемалық-бағыттау талдауының нәтижелері бойынша анықталады.
4.5. Сыныптық-қорытындылаушы бақылаулдың ұзақтығы айқындалған проблемаларға сәйкек істердің жай-күйін зерделеудің қажетті тереңдігімен анықталады.
4.6. Педагогикалық ұжымның мүшелері мектептің жұмыс жоспарына сәйкес сыныптық-қорытындылаушы бақылаудың объектілерімен, мерзімдерімен, мақсаттарымен, формалары және әдістерімен алдын ала танысады.
4.7. Сыныптық-қорытындылаушы бақылдың нәтижелері бойынша шағын педагогикалық кеңестер, директордың немесе оның орынбасарлары жанындағы кеңестер, сынып сағаттары, ата-аналар жиналыстары өткізіледі.

Мектептегі пән апталығы туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1.1. Мектептегі пән апталықтарын әдістемелік бірлестіктер жыл сайын мұғалімдердің кәсіптік құзіретін арттыру мақсатымен әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жоспар шеңберінде, сондай-ақ оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділігін дамыту үшін өткізеді.
1.2. Пән апталығының міндеттері:
• мұғалімдердің кәсіптік шеберліктерін ашық сабақтар мен сыныптан тыс шараларды дайындау, ұйымдастыру және өткізу арқылы жетілдіру;
• оқушыларды дербес шығармашылық қызметке тарту, олардың зерделенетін пәндерге деген қызығушылықтарын арттыру;
• белгілі бір оқу пәнін немесе білім беру саласын тереңдете зерделеуге ұмтылатын, шығармашылық қабілеттерге ие оқушыларды айқындау.
2. Пән апталығын ұйымдастыру және өткізу тәртібі
2.1. Пән апталығы мектептің жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі.
2.2. Пән апталығын дайындау және өткізу жоспарын оны өткізу басталардан бұрын мектеп директоры бекітеді.
2.3. Пән апталығын ұйымдастырушы әдістемелік бірлестік болып табылады.
2.4. Пән апталығына қатысушылар:
• ол бойынша пән апталығы өткізілетін пәнді немесе білім беру саласындағы пәндер тобын оқытатын барлық мұғалімдер;
• ол бойынша пән апталығы өткізілетін пәнді немесе білім беру саласын зерделеуші мектеп оқушылары болып табылады.
2.4. Пән апталығы шеңберінде:
• пән бойынша дәстүрлі емес сабақтар;
• қатарлас оқу сыныптарында және қатарластар арасында сыныптан тыс шаралар;
• жалпымектептік шаралар өткізілуі мүмкін.
2.5. Пән апталығын өткізуге мектептің әр түрлі үй-жайларында орналасатын саналуан көрнекті ақпаратпен қолдау жасалуы тиіс.
2.6. Пән апталығының қорытындылары бойынша оқушылардың Ғылыми қоғамына мүшелер қабылдануы, аудандық пәндік олимпиадаға қатысушылар анықталуы мүмкін.
2.7. Пән апталығының қорытындылары бойынша неғұрлым белсенді қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталады.
2.8. Пән апталығы аяқталғаннан кейін әдістемелік бірлестік отырысында пән апталығы барысында ұйымдастырылған шараларға талдау жасалады.


Шығармашылық топ туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер.
Шығармашылық топ белгілі бір мақсаттағы өзекті мәселелерді шешу мақсатындақұрылады. Оның құрамына шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтар, мектеп психологы сынып жетекшілері кіреді.
Шығармашылық топ білім беру ұйымындағы мақсатты бағыттағы зерттеу жұмысын жүргізетін ғылыми -әдістемелі қызметтің уақытша құрылымы болып табылады. Топтың жұмысы сынақ жұмысының нәтижелерін бақылау мен сараптауға бағытталады.
Шығармашылық топ өз әрекеттерінде ҚР «Білім туралы заңы, Балалар құқығы туралы Конвенциясы, білім беру ұйымының Жарғысы және басқа білім саласындағы нормативтік – құқықтық құжаттар шеңберінде жүзеге асырады.
2. Шығармашылық топ жұмысының мазмұны.
Зерттелетін өзекті мәселеге сәйкес оқушылардың білім алуға қажеттіліктерін сауалнама алу, әңгімелесу және т.б әдістер арқылы анықтайды және талдау жасайды.
Оқу жоспарының мектеп және оқушы компоненттеріне сәйкес оқу бағдарламаларын дайындау және талқылау, оқыту үрдісіне енгізілген оқу - әдістемелік кешендерді талқылау.
Зерттеу мәселесіне сәйкес оқыту және практикалық семинарлар, ашық сабақтар, ақпараттық жұмыстар ұйымдастыру.
Жаңа оқу бағдарламаларына сәйкес оқушылардың білімін аралық және қорытынды бағалау жүйесін және оның жүзеге асыру барысын талқылау.
Дайындалған оқу-әдістемелік кешендерді мемлекеттік стандартқа сәйкес бейімдеу жұмыстарын ұйымдастыру.
Оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, ғылыми тәжірибелік конференциялар мен семинарларды дайындау және өткізу.
3. Шығармашылық топ жұмысын ұйымдастыру.
Шығармашылық топтың жұмыстық отырысы оқу тоқсанында кемінде бір рет өткізіледі. Шығармашылық топтың жұмыстық отырысы ашық дауыспен шешім қабылдайды.
Шығармашылық топтың жұмыстық отырысының хаттамасы жүргізіледі.
Шығармашылық топтың қабылдаған шешімі оқыту үрдісінің қатысушыларының барлығына жеткізіледі.
Шығармашылық топтың өз уәкілеттігінің шеңберінде қабылдаған шешімі оқыту үрдісінің барлық қатысушылары үшін міндетті болып табылады.
Шығармашылық топ мүшелері мектеп әкімшілігінің шешімімен марапатталады.

Жас педагог мектебі туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
Жас педагог мектебі-әдістемелік жүйенің арнаулы педагогикалық білімі жоқ жас мамандарды біріктіретін элементі.
Жас педагог мектебі жас оқытушылардың біліктілігін көтеру жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және өтілі 3 жылдан аз жоғары білімді жас оқытушыларды біріктіреді. Жас педагог мектебі-бұл педагогтардың тұрақты жұмыс істейтін бірлестігі.
2. Негізгі міндеттері мен мақсаттары
Мақсаты: жаңадан бастаған оқытушыларда кәсіптік мұраттарды, әдістемелік дағдыларды, үнем і өздігінен даму мен өздігінен жетілу қажеттіліктерін қалыптастыру
Мектептің міндеттері:
– жас оқытушылардың үздіксіз білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру және оларға кәсіптік қиналушылықтарына көмек көрсету;
– оқытушылардың шығармашылық қызметінің жеке стилін қалаптастыруға жағдай жасау;
– жас оқытушыларға білім беру үдерісіне заманауи тәсілдер мен алдыңғы қатарлы педагогикалық технологияларды енгізуге және ақпараттық-әдіснамалық мәдениеті деңгейін арттыруға көмектесу;
– тәжірибелі оқытушылардың педагогикалық шеберлігін насихаттау және әдістеме мен педагогика жөніндегі білімін жетілдіруіне ккөмек көрсету;
– жаңадан бастаушы оқытушылардың оқу үдерісіндегі кәсіптік, әдістемелік проблемаларын айқындау және оларды шешуге жәрдемдесу;
– халықаралық білім беру технологияларымен таныстыру;
– диагностика мен өздік диагностиканы жүргізу дағдыларын қалыптастыру.
3. Ұйымдық құрылымы
Жас педагог мектебінің жұмысын ұйымдастыру үшін іс-тәжірибелік жұмыс бар педагогтардың ішінен жетекші тағайындалады.
Жас педагог мектебі жұмысының негізгі формаларына:
– оқу-әдістемелік мәселелер бойынша дөңгелек үстелдер, семинарлар, оқытушылардың шығармашылық есептері:
– ашық сабақтар (лекциялар, семинарлық сабақтар), зертханалық және сарамандық сабақтар:
– оқыту және тәрбиелеу әдістемесі бойынша лекциялар, хабарлар және пікірталастар:
– алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені зерделеу жатады.
Мектептің отырыстары тоқсанда 1 рет өткізіледі.
Мектептің іс-қағаздарын жүргізу;
– Жас педагог мектебі туралы Ережені;
– бекітілген жұмыс жоспарын;
– жас оқытушылар мектебінің құрамы туралы мәліметтерді:
Сандық және сапалық құрам (жасы, білімі, мамандығы, жалпы және педагогикалық өтілі, жоғары оқу орнын бітірген жылы);
4. Функциялық міндеттері
4.1. Жас оқытушылар үшін топтық сабақтар ұйымдастыру, үйретуші семинарлар, оқу-әдістемелік конференциялар өткізу, жас педагог мектебі мүшелерінің оқу қызметі мен кәсіптік өздігінен білім алуды ұйымдастыру мәселелері жөніндегі есептерін тыңдау.
4.2. Жас оқытушылардың кәсіптік қажеттіліктерін зерделеуді, өздігінен жетілуге көмекті зерделеуді ұйымдастыру.
5. Құқықтары
Жас педагог мектебіне қатысушылар:
– конференцияларға, шығармашылық және педагогикалық шеберханаларға қатысуға;
– білім беру мекемесінің материалдық базасын өздігінен білім алу ұшін пайдалануға;
– тәлімгер-педагогтардан консультациялық көмек алуға;
– өз біліктілігін арттыруға құқылы.
6. Жауапкершілік
Жас педагог мектебінің жетекшісі мен қатысушылары өздерінің алдына қойған міндеттерді, функцияларды орындау үшін жауапкершілікте болады.


Көктал орта мектебінің эксперимент алаңындағы
сараптамалық кеңес туралы ЕРЕЖЕ

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Сараптамалық кеңес мектептегі сынақ жұмысын тиімді ұйымдастыру және сапасын арттыру, білім беру қызметінің сапасын жақсарту мен білім беру үдерісінің қазіргі жағдайы туралы нақты объективті, салыстырмалы ақпаратты жинақтау мен талдау арқылы оның дамуын болжау мақсатында құрылады.
Сараптамалық кеңес – авторлық бағдарламаларды, сынақ алаңының өзекті мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік дайындамаларды, озық педагогикалық тәжірибелерді зерттеу, жалпылау, портфолио және әртүрлі жанрдағы бейнематериал түрінде таратуды, сынақ алаңының диагностикалық зерттеу материалдарын сараптауды жүзеге асыратын шығармашылық ұйым.
НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ
1) Авторлық бағдарламаларды, сынақ алаңының өзекті мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік дайындамаларды, озық педагогикалық тәжірибелерді зерттеу, жалпылау, портфолио және әртүрлі жанрдағы бейнематериал түрінде тарату, сынақ алаңының диагностикалық зерттеу материалдарын сараптау;
2) Мектептегі білім беру үдерісінің жағдайын үздіксіз бақылау;
3) Білім беру үдерісінде жүріп жатқан өзгерістерді және олардың пайда болу факторларын дер кезінде анықтау;
4) Білім беру үдерісін ұйымдастырудағы жағымсыз тенденциялардың алдын алу;
5) Білім берудегі әдістемелік қамтамасыздандыруды жүзеге асырудың тиімділігін бағалау;
6) Педагогикалық ұжымға сынақ алаңының жұмыс барысы туралы ақпараттық материалдар дайындау;
7) Мәлімет банкін жасау.
НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕРІ
1. Ұсынылған материалдарды зерттеу, зерделеу;
2. Зерттеу, әдістемелік және ақпараттық материалдардың ғылымилық, өзектілік, жаңашылдық, практикалық құндылық дәрежелері мен қолдану аймағын анықтау;
3. Педагогикалық ұжымға сынақ алаңының жұмыс барысы туралы ақпараттық материалдар дайындау

 
 
 
Пожаловаться на сайт